Әнші Мөлдір Әуелбекова threads-тегі парақшасында ана мен баланың қарым-қатынасы туралы сөз қозғады, деп жазады Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
Ол баласының көзінше киімсіз жүретін аналарды сынады.
"Аналар бар екен, ұл балаларының көзінше киімсіз жүре беретін… Таңқалып отырмын… Өз басым ұлымды омыраудан шығарғалы, көзінше тіпті киім ауыстырмайды екенмін…", деді ол.
Желі қоллданушыларының бір бөлігі Мөлдірді қолдаса, енді бірі ешкімді сынамау керектігін жазды.