Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Айгүл Иманбаева Англиядағы құрбыларының тосынсыйын көрсетті

Мәдениет қайраткері, әнші Айгүл Иманбаева қалыңдық кешін ұйымдастырған құрбыларына алғыс білдірді.

Айгүл Иманбаева Англиядағы құрбыларының тосынсыйын көрсетті
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі тұрмысқа шығар алдында жақын құрбысы оған «Қалыңдық Party» кешін ұйымдастырған.

«Мен негізінде адал достардан жолым болған адаммын! Ешқандай жасандылықсыз, есепсіз, үнсіз бір-біріңді қабағыңнан ,көзқарасыңнан түсінетін дос – ол менің өмірдегі бір байлығым! Сондай достарымның қатарында ағылшын елінде менің досым – Гүлшекерім бар. Бір үйде бір жыл бірге тұрдым, бір нанды бөлісіп жедім, ұзақ жолдарда бірге жүрдім – бәрін айта берсем ұзақ болар!

Сезгенім оның маған аңқылдаған адалдығы, кіршіксіз тазалығы! Жанының тазалығы, жүрегінің кеңдігі, ниетінің түзулігі, өресінің ашықтығы бәрі- бәрі – бір кішкене ғана қазақтың қызы Гүлшекердің бойынан табылады. Жаратқанның бұл сыйына алғысым шексіз. Ал мына видео Гүлекемнің мен күйеуге шығардағы жасаған тосынсыйы «Қалыңдық патиі». Гүлекем! Жаным сол, сізге алғысым шексіз», – деп жазды Иманбаева.