Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

«Сонау бала кезден»: Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен арадағы байланысы туралы айтты

Әнші Әйгерім Қалаубаева Instagram-дағы парақшасында ел арасында жеке өміріне қатысты тарап кеткен қаңқу сөздерге жауап беріп, Нұрлан Әлімжанмен қарым-қатынасы туралы айтты, деп жазды Paryz.kz.

«Сонау бала кезден»: Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен арадағы байланысы туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

«Қымбатты менің парақшамдағы алтын жандар! Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. Жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз! - деп жазды Әйгерім Қалаубаева.

Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ, шүкір! Бізді байланыстыратын – ӨНЕР! Біз бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз.

Әркім өз әлемінде бақытты! О, жаратқан ием! Елім, ата-анам, ер азаматым, балаларым, бауырларым және менің қымбатты инста әлемімдегі достарым бағыма аман болсын! Әмин!» - дейді танымал әнші.