Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

«Немере болса бәріне шыдайтын ем»: Айдарбекова ұлы неге ажырасып кеткенін ашып айтты

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғар Нұртас не себепті ажырасып кеткенін ашып айтты. Ол бұл жағдай өзіне аса аур тигенін жеткізді, деп жазады Paryz.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Немере болса бәріне шыдайтын ем»: Айдарбекова ұлы неге ажырасып кеткенін ашып айтты
Фото: видеодан скриншот

Айдарбекованың айтуынша, ұлы мен келіні отбасылық өмірде бір-бірінің адамы емес екенін түсініп, артынан ажырасуды жөн көрген. Ол екеуінің де өз бақытын табатынына сенім білдірді. Продюсер ханым олардың шешіміне көнгенімен, арада бала болғанда "бұл отбасыны сақтап қалу үшін барын салар едім" деді.

"Қатты қиыналдым. Менің енелік тәрбием дұрыс болмаған соң, келінім кетіп қалған сияқты болды. "Гүлекенің келіні кетіп қалыпты" деген сөздің өзі маған ауыр тиді. Бірақ, ол мүмкін емес болды. Өйткені ол менің ұлымның өмірлік жары болды. Одан сен қаншама ұрпақ сүйесің. Енді оның іздеген әлемі басқа болды. Біздің әлемге келісе алмайтын болғаннан кейін, балам да, өзі де түсінді.

Содан кейін жай ғана бөлінгенін қаладық. Олар әлі жас, артында жылап қалды дейтіндей ұрпағы жоқ. Ол жерде бір немере болса мен жабысып қалатын едім. Қандай қиындық болса да шыдайтын едім. Ол да мүмкін өз бақытын тауып қалар. Заңғар да өз бақытын тауып қалар. Екеуі бір-бірінің адамы емес екен ғой деген тұжырымға келдім. Соған көндім", - деді Айдарбекова Мақпал Қаратайға берген сұхбаты кезінде.