Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова келін мен ене арасындағы қарым-қатынас туралы ойын білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Ақылыңды өз ұрпақтарыңа үгітте»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучты орнына қойды
Фото: коллаж Paryz.kz

Ол танымал коуч Роза Әшірбаеваның келіндердің енесінен сұрануына қатысты айтқан сөзіне пікір білдіріп, отбасындағы үлкенді сыйлау мен өзара түсіністіктің маңызын атап өтті.

Айдарбекованың айтуынша, келін мен ене бір-біріне құрметпен қарап, отбасындағы ауызбіршілікті сақтауға тырысуы керек.

«Сұранса, бір жері кеміп қалады да, сұранбай кетсе, қарағайдай маңдайына мүйіз шығады ма екен? Жастар онсыз да үміт артып, өсіріп отырған өз ата-анасын емес, осылай ақыл берушілерді тыңдап, өзгеріп кетті. Үлкенді құрметтеу жоғалып, бұлай азғыруға болмайды. Осындай ақылды өз ұрпақтарына үгіттеп бере бергені дұрыс-ау. Осыдан кейін отбасыларында қалай ауызбіршілік болсын?»

Мен де енемін. Келін маған айтпақ тұрмақ, менің өзім айтпай, ескертпей кетпеймін. Біздер бір отбасы емеспіз бе? Кейде келіндеріммен ақылдасамын: «Не киемін, не алып барсам болады?» – деп. Олар дереу сыйлыққа тапсырыс беріп, көмегі жаныма шуақ шашады. Содан кейін керемет көңіл күймен, «Осыларды бере салған Құдайға рақмет», – деп шүкіршілігімді айтып, мәз болып үйден шығамын», – деді продюсер.

Сондай-ақ ол келіндердің қандай да бір мәселе туындаған жағдайда алдымен өз отбасымен ақылдасқаны дұрыс екенін айтты.

«Ал күйеуіңнен сұрансаң, не болыпты? Бір жағдай болып қалса, жүгіретіні де сол отбасың, күйеуің емес пе, әрине, Роза емес. Мен Розамен сыйласамын, бірақ мына сөзі денемді тітіркентті», – деді Гүлзира Айдарбекова.»

Продюсер келіндер мен енелерді бір-біріне деген өкпе мен менмендікті қойып, өзара түсіністікпен өмір сүруге шақырды.

«Құрметті аналар, келіндер, біреудің емес, өз ақылдарыңызбен, білсеңіз, өз анаңызбен... Сіз жақсы болыңыз, жаман болыңыз, өсектен ажырамай отырған өз енеңіз – ол да сіздің анаңыз. Сіз оның өмірін жалғастырып, сол әулеттің ұрпағымен сусындап отырсыз. Сіздің нағыз жанашырыңыз – осы кісілер ғана.»

Ерегісті тоқтатып, менмендікті, өзімшілдікті тоқтатып, тек жақсы ойлармен, ол кісілерге деген мейіріммен өмір сүріп көріңізші. Жолыңыз ашық, өміріңіз керемет, табысыңыз берекесімен болады», – деп түйіндеді ол.

«Менің өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова жүрекжарды жазбасын жариялады «Менің өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова жүрекжарды жазбасын жариялады «Торттың кесірінен ажырасуға дейін барады»: Жанар Айжанова тойдағы дәстүрге қарсы шықты «Торттың кесірінен ажырасуға дейін барады»: Жанар Айжанова тойдағы дәстүрге қарсы шықты «Халықтың тілеуі қабыл болды»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйлену тойын дүркіретіп өткізді «Халықтың тілеуі қабыл болды»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйлену тойын дүркіретіп өткізді «Біреуді қаралаумен, мысқылымен өсекке тоймады-ау»: Гүлзира Айдарбекова Бағдагүл сынықшы туралы айтты «Біреуді қаралаумен, мысқылымен өсекке тоймады-ау»: Гүлзира Айдарбекова Бағдагүл сынықшы туралы айтты «Күлгендердің басына еселеп келсін»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың концертіне қатысты жағымсыз пікірлерге жауап берді «Күлгендердің басына еселеп келсін»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың концертіне қатысты жағымсыз пікірлерге жауап берді «Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды»: Дариға Бадықова Олжас Абаймен шаңырақ көтергенін айтты «Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды»: Дариға Бадықова Олжас Абаймен шаңырақ көтергенін айтты Концерт Кайрата Нуртаса в Шымкенте обернулся давкой: Freedom Афиша выступила с заявлением Концерт Кайрата Нуртаса в Шымкенте обернулся давкой: Freedom Афиша выступила с заявлением «Сырттан ешкім араласпады»: Абай Асылхан Жанель Мақажанмен ажырасуы туралы айтты «Сырттан ешкім араласпады»: Абай Асылхан Жанель Мақажанмен ажырасуы туралы айтты «Ақшаңды бер, айналайын»: Бағлан Әбдірайымов тегін ән айтуға шақыратындарға жауап берді «Ақшаңды бер, айналайын»: Бағлан Әбдірайымов тегін ән айтуға шақыратындарға жауап берді