Прямая трансляция

Астана

Астана

17.12°C

«Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді

Блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі Фариза Алмасқызы әлеуметтік желіде өзіне қатысты айтылып жатқан сыни пікірлерге қатысты өткір мәлімдеме жасады, деп жазады Paryz.kz.

«Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді
Коллаж: paryz.kz

Оның айтуынша, кейінгі уақытта бұл іске қатысты негатив пікірлер көбейіп, өзі жағдайдан шаршағанын жеткізді.

«Осылай негативпен шыға бергеннен ұялам уже. Мән бермейін десем де қояр емес жан-жақтан. Басылатын түрі жоқ. Ол да қазақтың баласы ғой дейді. Мен ше сонда? Орыстың қызымын ба? Менің ар-намысым, қанша жыл бойы көрген қорлығым, жазықсыз жапқан жала, ата-анама ауыр тіл тигізгені, бәріне көз жұма қарай сал деп тұрсыздар ма?» — деп жазды Фариза Алмасқызы Instagram Stories-інде. 

WhatsApp Image 2026-09-24 at 11.00.50 (1).jpeg

Сондай-ақ ол қоғамдағы кейбір көзқарастарға наразылығын білдіріп, әлі де ашып айтылмаған жайттардың бар екенін меңзеді.

«1 күн тыныштық бермеді ғой, айналайындар-ау. Или тек әйел адам қиналып, азапталып өлсе ғана еркек жазалануы керек па? Бұл сіздер үшін жәй нәрсе ме? Әлі күнге дейін біраз нәрсе жасырып отырмын. Сіздер естімеген, көрмеген қаншама нәрсе бар. Так что ақ-қарасын білмей жатып, орынсыз сөйлеуді қойыңыздар!» — деді блогердің бұрынғы жары.