Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

«Қазақ әртістері екінші сорт па?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэстің концертіне қатысты өткір пікір айтты

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Алматыда өткен Канье Уэстің концертіне қатысты пікір білдіріп, отандық және шетелдік өнерпаздарға қойылатын талаптардың әртүрлі екенін сынға алды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қазақ әртістері екінші сорт па?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэстің концертіне қатысты өткір пікір айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Продюсердің айтуынша, 19 мамырда ұйымдастырылған отандық шоу кезінде қауіпсіздік талаптарына байланысты отшашу қолдануға рұқсат берілмеген. Баян Мақсатқызы шетелдік әртістерге мұндай мүмкіндік беріліп отырғанын түсінбейтінін жеткізді.

«Заң алдында бәрі тең болғанымен, біреулер “теңірек” болғаны ма? “Дау-дамай туындайды, қауіпсіздікке кепілдік жоқ” деді. Мұны қалай түсінуге болады? Қазақ әртістері екінші сорт па? Біздің шоуымыз бір бас жоғары болғанына қарамастан, бізге болмайды да, Канье Уэстке бола ма?!» – деп жазды ол.

Продюсер бұл жағдайды қоғамдағы бұрыннан қалыптасқан көзқараспен байланыстырды.

«Қонақтардың алдында ұятқа қалмау үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, ал өзімізге осы да жарай береді», – деді Баян Мақсатқызы.