Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы Raim-ге (Райымбек Бақтыгереев) арнап әсерлі жазба жариялап, оған деген ризашылығы мен махаббатын білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі жолдасының өмірде де, шығармашылықта да өзіне әрдайым қолдау көрсететін жан екенін айтып, оған алғыс айтты.
«Ел біледі... Менің өнерде де, өмірде де арқасүйерім, қолдаушым, демеушім, мені "әлемнің ең кереметіне теңеушім" – Райым екенін. Барлығы үшін рақмет. Сүйем сені!» – деп жазды әнші.
Ерке Есмахан әзіл-қалжыңмен өзін «күйеуім, күйеуім» деп жиі айтатын жандардың бірі екенін де жасырмады. Сонымен қатар ол барша қыз-келіншекке өзіне қанат бітіріп, биікке жетелейтін жар тіледі.
«Қыздар, сіздерге де дәл осы видеодағыдай қанатыңды қақтырып, биікке ұшыратын жар тілеймін», – деді ол.
Әнші сондай-ақ ер азаматтың қадірі жасына емес, санасына байланысты екенін айтып, отбасы мен жақындарына қамқор болатын азаматтарға құрмет білдірді.