Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы айтулы оқиға туралы жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Әншінің айтуынша, туған бауырының кенже қызы тұрмысқа шығып, Шымкент қаласына келін атанған.
Осыған орай ұйымдастырылған құдалық рәсіміне қатысқан өнер иесі мерекеден түсірілген фото және бейнематериалдарды оқырмандарына ұсынды.
«Құдалықтамыз. Туған бауырымның кенже қызы Шымкентке келін болды», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары жарияланымға жылы лебіздерін білдіріп, жас отбасыға бақыт, береке және ұзақ ғұмыр тіледі.
Сонымен қатар олар өнер иесінің отбасын қуанышты оқиғамен құттықтап, игі тілектерін жаудырды.