Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың зайыбы Айман әлеуметтік желідегі парақшасында өнер иесімен бірге түскен жаңа фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Желіде жарияланған кадрларға ол:
«Менің көзіммен қара шынайылық пен сұлулықты. Жақсы адамым», – деген жазба қалдырған.
Жарияланым оқырмандардың қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары пікір білдіріп, жұптың жарасымына қатысты түрлі ойларын жазды.
«Бәсе, түрін көрсетіп қойсайшы», «Екеуі бір-біріне ұқсайды екен», «Тұрсынбек жүнжіп кеткен бе?», «Мәз ғой екеуі», – деп пікір қалдырған оқырмандар.