Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

«Намыстары оянып кетті»: Ауылға барған атышулы блогер бүтін бір ауылды дүрліктірді

Әлеуметтік желіде NikoNett атымен танымал трансгендер блогер Instagram парақшасында ауылға барғаннан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Намыстары оянып кетті»: Ауылға барған атышулы блогер бүтін бір ауылды дүрліктірді
Фото: әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, ауылға келгеннен кейін жергілікті тұрғындар арасында түрлі әңгіме туындаған.

«Мен ауылға келгенде бүкіл ауыл шулап кетті. Намыстары оянып кеткен сияқты. Тәтемді мазақтапты. Қызық екен, басқа жағдайларда намыстары ұйықтап қалады екен», – деп жазды блогер.

Сондай-ақ ол ауылдан қалаға қайтып бара жатқанын айтып, болған жағдайдың өзіне ауыр тигенін жеткізді.

«Қайтадан қалаға бара жатырмын. Жылағым келіп тұр. Соншама адамдарға не істеп қойғанымды білмеймін. Тәтем "қал" деді, бірақ мен үшін оған сөз тигенін қаламаймын», – деп жазды NikoNett.