Прямая трансляция

Астана

Астана

22.35°C

«Сіз бәріне лайықтысыз»: Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтердің кілтін табыстады

Продюсер Баян Мақсатқызы бұған дейін берген уәдесін орындап, Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешоваға жаңа пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Сіз бәріне лайықтысыз»: Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтердің кілтін табыстады
Фото: видиодан скриншот

Қуанышты сәттің видеосын продюсер Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. Бейнежазбада ол актрисаны жаңа баспанасымен таныстырып, пәтерді аралатады.

Үйдің қабырғасына суретші Ботагөз Ақанаева салған Меруерт Өтекешованың портреті де ілінген. Жаңа баспананы көрген халық әртісі әсерін жасыра алмай, мұндай сыйға ерекше риза болғанын айтты.

Сонымен қатар Баян Мақсатқызы актрисаға Түркиядағы бес жұлдызды қонақүйде демалуға арналған жолдаманы да тарту етті.

«Сіз – халық әртісісіз. Сіз бәріне лайықсыз», – деді продюсер құттықтау барысында.