Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі жары Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өзіне айтылған сын пікірге жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.
Желі қолданушыларының бірі одан: «Тойға неге жібермедіңіз? Тұрсынбектей тұлға әйелдің айтқанын тыңдап тойға бармай қалғаны не сасқаны екен?» – деп сұраған.
Бұл пікірге Айман Талғатқызы жауап беріп, Тұрсынбек Қабатовтың қайда баратынын өзі шешетінін айтқан.
«Осы бір жерде біреу "мен тойға жібермедім" деп айтып жатыр ма? Менің оларда не шаруам бар? "Барсам бола ма?" деп сұрап жатқан еркек те жоқ. Кішкене миға қонымды әңгіме айтсаңдаршы. Түрлеріңе қарасам, дұрыс адам сияқтысыңдар», – деп жазды ол.