Прямая трансляция

Астана

Астана

31.81°C

"Қайталау қиын болады": жаңа әнінің ырғағына билеген Димашқа желі қолданушылары тәнті болды

Қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген өзінің хореографиялық шеберлігін көрсетіп, жанкүйерін қуантты. Ол "AQERKE" деп аталатын жаңа әніне биледі, деп хабарлайды paryz.kz.

"Қайталау қиын болады": жаңа әнінің ырғағына билеген Димашқа желі қолданушылары тәнті болды
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш жақында желіде би челленджін жариялады. Әнші жаңа әнінің ырғағына сай биін көрсетті.

"Бейнероликтеріңізді 1 тамызға дейін бөлісіп үлгеріңіздер. Ең көп қаралым жинаған бейнежазба авторы менің жаңа музыкалық бейнебаянымның түсіріліміне қатысуға шақырту алады. Сіздердің бейнероликтеріңізді күтемін, ал әзірге өзімнің нұсқамды ұсынайын", - деді әнші.

Димаштың биіне жанкүйері бірден пікір қалдыра бастады. "Әдемі ән, әдемі би", "Уау, керемет! Қандай жалындаған би. Димаш, сен – отсың", "Енді байқауды аяқтай салса да болады, Димаштан артық ешкім билей алмайды", "Уау! Қайталау қиын болады", - деп пікір қалдырды олар.