Белгілі блогер Сабина Мовлаева тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенмен таныстығы мен арадағы қарым-қатынасы туралы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz.
Блогердің айтуынша, ол өнер иесін бала кезінен таниды. Екеуі Ақтөбеде бірге өсіп, жергілікті филармонияға қатар барып жүрген.
"Димашты өте жақсы танимын. Біз кішкентай кезімізден таныспыз, бір ортада өстік. Кейін бірнеше рет кездесуге де шыққанбыз. Бірақ бұл оның танымал болуына дейін болған жағдай. Қазір оған хабарлассам, жұрттың бәрі оны басқа қырынан қабылдап, түрлі әңгіме шығарып жіберуі мүмкін", – деді Сабина Мовлаева.
Сондай-ақ блогер бүгінде әншімен бұрынғыдай араласпайтынын меңзеп, оның әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаға айналғанын атап өтті.