Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

«5 жыл бойы сатқындық жасады»: Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекова туралы шындықты айтты

Продюсер Баян Алагөзова «КешYOU» тобының бұрынғы мүшесі Мөлдір Әуелбековамен арадағы көп жылдан бергі келіспеушіліктің неден туғанын айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«5 жыл бойы сатқындық жасады»: Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекова туралы шындықты айтты

Бұл туралы «КешYOU» жобасына арналған деректі фильмнің үшінші бөлімінде сөз болды. Продюсердің айтуынша, кезінде топтан ренішпен кеткен Мөлдір Әуелбекова жеке мансабында қиындықтар туындаған соң қайта байланысқа шыққан. Әнші кешірім сұрап, жеке шығармашылығына қолдау көрсетуді өтінгенімен, Баян Алагөзова оны тек топ құрамына қайта қосылса ғана қабылдайтынын айтқан. Алайда продюсердің сөзінше, ұжымға оралғаннан кейін әнші гастрольдік кестеге бейімделе алмай, түрлі себептермен концерттерден бас тарта бастаған.

Баянауылдағы сапарлардың бірінде өзін жайсыз сезінген Мөлдірге жедел жәрдем шақырылғанымен, дәрігерлер нақты ауру белгілерін анықтамаған.

«Менің жанымда жүргенде үнемі өзін әлсіз көрсететін. Ал мен жоқ кезде еркін қозғалып жүргенін қыздар видеоға түсіріп жіберді. Осыдан кейін онымен жұмысты тоқтатуға шешім қабылдадым», – деді Баян Алагөзова. 

Продюсер бұл жағдайдың өзіне ғана емес, сіңлісі Бағым Мұхитденоваға да ауыр тигенін айтты.

Оның сөзінше, Мөлдір бірнеше жыл бойы олардың шаңырағында тұрып, отбасы тарапынан үлкен қолдау көрген.

«Бағым оған туған анасындай қамқор болды. Бірақ сол сенім ақталмады. Арада қанша жыл өтсе де, сол жағдайдың ізі әлі қалған», – деді продюсер.