Прямой эфир
Астана
25.77°C
Актриса Ақерке Арыс жаңа босанған аналарды мазалап, үйіне қонаққа баруға асығатындарды қатты сынға алды. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесінің айтуынша, перзентханадан жаңа шыққан әйелдің қал-жағдайын ойламай, «үйіңе барамыз» деп мазалайтындар көбейген.
«Жыртылып, жаңа босанған әйел демалып жатқан жоқ. Бұрынғыдай бала бөлек, ана бөлек жатқан заман емес. Ішек-қарны ашылып, үш күн бойы баласын өзі қарайды. Енді көз іліп алайын дегенде дәрігер тексеруге келеді. Сонда да үйіне келе салып, “мен барайын деп жатырмын, үйіңе шығайын деп тұрмын” дейді. Ұйқысы қанбаған, қалжырап отырған әйелден түрлі өтініштер сұрайды. Миы ашып тұрған ананың мазасын алып, қайта-қайта хабарласпаңдар», — деді актриса.