Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Тележкасы бар қатынды қайтесің деді»: Танымал актер өзінен 8 жас үлкен әйелге үйленуге ата-анасы қарсы шыққанын айтты

Актриса Жанель Мақажанның күйеуі Абай Асылхан Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат беріп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Тележкасы бар қатынды қайтесің деді»: Танымал актер өзінен 8 жас үлкен әйелге үйленуге ата-анасы қарсы шыққанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

«Жанель ханым менен 8 жас үлкен. Мен Жанельді басынан араласқан кезден оның бірінші отбасы болғанын, одан екі баласы бар екенін білдім. Мен ол кезде студентпін, менің ешқандай ойым болған жоқ. Кейін бір жобаны бірге бастаған кезде оған деген жылулық пайда болды», дейді ол.

Оның айтуынша, Жанель Мақажанға үйленуге нақты шешім қабылдаған кезде ата-анасы мүлдем қарсы болған.

«Өзіңнен 8 жас үлкен, екі баласы бар, ағайынның сөзі бар, ұят болады, қалай болады деп ата-анам айтты. Сөйтіп біз көп сынақтардан өттік. Қазақстанның өзі екіге бөлініп кетті. «Табалдырық көрген қатынды қайтесің, дуалап алды, тележкасы бар қатынды қайтесің», деген сөздер көп айтылды дейді Абай Асылхан.