Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Ажырасып кетті...»: Баянның үлкен қызы күйеуі жайлы ашық айтты

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы, танымал блогер Айсәуле Бақытбек Instagram желісіндегі оқырмандарының жиі қоятын сұрақтарына ашық жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Ажырасып кетті...»: Баянның үлкен қызы күйеуі жайлы ашық айтты
фото: әлеуметтік желіден

Көпшілік Айсәуленің парақшасында күйеуі мен балаларының суреттері жоқ екенін байқап, «отбасында бір мәселе бар ма?» деп болжаған болатын. Алайда блогер бұл қауесеттерді жоққа шығарды.

«Бұл сұрақты екінші рет қатарынан қойып жатыр. Әрине, бұл – жаңа оқырмандар шығар. Ал бұрыннан мені білетіндер күйеуімнің стористе көрінбеуі – қалыпты жағдай екенін біледі. Мен жай ғана отбасымды көрсетпеймін. Құдайға шүкір, бәрі жақсы», – деді Айсәуле. 

Сондай-ақ блогер балаларының суреттерін не себепті жарияламайтынын да түсіндірді. «Егер олар өскенде мұны қаламаса ше? Ал жүз мыңдаған бөтен адамдар олардың түрін, қалауын, жеңіс пен жеңілісін біліп қояды ғой. Шынымды айтсам, ересек адамдардың бөтен балаларды көруге құмарлығы біртүрлі көрінеді. Балаларымның қайда оқитынын, қандай үйірмеге баратынын миллион адам білгенін қаламаймын. Олар – бала. Әлеуметтік желінің өзі бізді, ересектерді, шаршатады, ал балаларға мүлде орын жоқ деп ойлаймын», – деді ол. 

Айсәуле кейбір ата-аналардың балаларын түсіріп, жеке сәттерін жариялауын да сынға алды: «Ойланып көрдіңіздер ме, өскенде балаларыңыз ондай видеоларды біреулер көргенін қалай ма? Кейбіреулер «балам өзі түсіргісі келеді» дейді, бірақ үш жастағы бала Instagram дегеннің не екенін түсіне ме?» – деп қорытындылады блогер.