Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

"12 жылдан кейін бұйырды": Ақан Сатаевпен көңіл жарастырған актриса сүйінші хабарын айтты

Белгілі режиссер Ақан Сатаевпен көңіл жарастырды деген актриса Альмира Тұрсын қуанышты жаңалығын хабарлады, деп жазады Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

"12 жылдан кейін бұйырды": Ақан Сатаевпен көңіл жарастырған актриса сүйінші хабарын айтты
Коллаж: ozgeris.info

Ол 12 жылдан кейін қайтадан ана атанатынын хабарлады.

"Толқу мен қуанышпен сіздермен бақытты жаңалығымды бөліскім келеді! 12 жылдан кейін қайтадан ана болуға дайындалып жүрмін! Бұл ғажайып пен қуаныш үшін Құдайға мадақ және шексіз алғыс!", - деді ол. 

Актриса көпшіліктің сұрағына алдын ала жауап беріп, өзінің ұзақ уақыттан бері отбасылы екенін және үлкен отбасымен бірге тұратынын атап өтті. 

"Сұрақтарыңыз бен қызығушылығыңызды алдын ала біліп, бірден айтайын: мен көптен бері тұрмыстамын, үлкен отбасымызбен бірге өмір сүріп жатырмыз – оның, менің және ортақ балаларымызбен. Бұдан әрі егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын, себебі жеке өмірімді қымбат көремін, өйткені мен “бақыт тыныштықты сүйеді” дегенге сенемін!", - деп жазды актриса.