Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

"Айырлып, қосылу ойыншық па": Танымал тележүргізушінің әрекеті ел талқысына түсті

Әлеуметтік желіде ажырасқандары айтылған тележүргізуші Диана Скатова мен әнші Сұлтан Нұрбеков оқырмандарын қуантып қойды, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

"Айырлып, қосылу ойыншық па": Танымал тележүргізушінің әрекеті ел талқысына түсті
фото: әлеуметтік желіден

Біраздан бері екі жақта жүрген жұлдызды жұп бүгінгі таңда бірге. Тележүргізуші Диана Скатова сүйіктісінің жанынан табылу үшін АҚШ-қа барды.

"Осы сәт. Әйгілі “Home alone” фильмінің үйін көріп қайттық. Кевин Маккалистерді көрмедік. @sultan_nurbekoff комментарийлері өте мүлдем керемет!", - деп видео жариялады ол.

Бұдан бөлек қос ғашық Димаш Құдайбергеннің концертіне де барған. Мұны көрген желі қолданушылары түрлі пікір жазды.

"Бұларға не ойыншық па, айырылды қосылды деген", "Қан қысымым көтерілейін деді ғой", "Сериалдың қызық сериясын көргендей қуанып тұрмын", "Жастарды өтірік айырмаңдаршы өтініш", деді олар.

"Біз бірдеңе айттық па? Кімге сенуді таңдайтын өзіңіз", - деп жауап берді Скатова оқырмандарына.