Продюсер Баян Алагөзова көптен бері әлеуметтік желіге шықпай кетуіне не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Продюсер денсаулығы сыр беріп, сырқаттанып қалғанын айтты. Шетелден демалыстан оралған ол әлі толық айықпағанын жеткізді.
«Достар, көптен бері эфирге шықпай кеттім. Коронавируспен ауырып қалдым. Он күн бойы орнымнан тұрмай жаттым. Абай болыңыздар, вирус жүр. Шынымды айтсам, бұлай қатты ауырып көрмеппін. Коронавирустың белгісіз түрі сияқты. Өте қиын болды. Бәріміз ауырдық. Түркияда да емделдім. Әлі де әлсіздік бар», - дейді продюсер.