Әнші Меруерт Түсіпбаева мемлекеттен алған марапаттарын алға тартып айтамын деп сынға қалды, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Мен өз пікірімді білдіруге құқылымын. Әр адамның өз пікірі болуы керек. Мен мемлекеттік еңбек сіңірген қайраткермін. Менің осы мемлекетке сіңірген еңбегім жеткілікті. Менің еңбек сіңірген қайраткер деген атағымды біздің президентіміздің өзі қол қойып тұрып, мен алғанмын. Ол атақ "халық әртісі" деген атаққа сәйкес", - дейді Меруерт Түсіпбаева.
Әншінің мына сөздері кей оқырмандарына жақпай қалды.
"Мен, мен деп не болды сонша?", "бұның мемлекетке сіңірген қандай еңбегі бар еді?", "еңбек сіңірген қайраткер болсаңыз, әркімге ұрына беру керек пе?", "осы үлкейген сайын алжып бара ма?", "Қазақстанға ешқандай сіңірген еңбегің жоқ", - деп жазды желі қолданушылары.