Әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева 30 жылдан астам уақыт бойы сақтап келген өзінің ең қымбат дүниесін таныстырды, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі сәби күнінде жамылған жөргегін көрсетті. Анасы сақтап қойған.
"Жақында ғана анам естелікке толы тамаша затты бөлісті. Бұл – пеленка. Ол неге мен үшін ерекше? Себебі бұл – менің пеленкам. 34 жыл бұрын, мен Зейін сияқты кішкентай кезімде, осы пеленканың үстінде жатқанмын. Қазір сіздерге сол уақыттағы архив фотомды да көрсетемін. Ол кезде ешкім де 34 жылдан кейін осы пеленканың үстінде менің ұлым отырады деп ойламаған шығар. Сондықтан, егер араларыңызда мен сияқты жас ата-аналар болса, балаңыздың бір затын сақтап қойыңыздар. Себебі жылдар өткен соң оны немерелеріңіз пайдалануы мүмкін. Мен сіздерге де осындай тарихтың қайталануын тілеймін", – деді әнші.