Танымал әзілкеш әрі актер Тұрсынбек Қабатовтың туған ауылында мешіт салынып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.
TikTok желісіндегі Нұрбек Досқазиев есімді қолданушы Ақпәтер ауылында 20-30 адамға арналған мешіт бой көтеріп жатқанын мәлімдеген. Оның айтуынша, мешітті осы ауылдан шыққан Тұрсынбек Қабатов өз қаражатына салып жатыр.
«Тұрсынбек Қабатовты біреулер жақсы дейді, біреулер жаман дейді. Қалай десек те, Тұрсынбек өз ауылына осындай игі жұмыс жасап жатыр. Осы мешітке бес адам барса, сол бес адам өзімен тағы бес адам ертіп келеді. Алла қаласа, осы мешіт арқылы ауылымызға иманды адамдарды әкелсе екен», – деді ол.
Желі қолданушылары бұл бастамаға қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі өнер иесіне алғысын айтып, қолдау білдірсе, енді бірі мешіт салғаннан гөрі ауылға мектеп салу қажет деген пікір жазған.