Прямая трансляция

Астана

Астана

18.56°C

«Бала берсең, сана бер»: Қызылордада белгісіз ер адам қарт әжені таксиге отырғызып, қарттар үйіне апаруды өтінген

Қызылорда қаласында желіде қызу талқыға түскен оқиға орын алды. Белгісіз ер адам жасы ұлғайған әжені таксиге отырғызып, жүргізушіден оны қарттар үйіне жеткізіп тастауды сұраған, деп жазады Paryz.kz.

«Бала берсең, сана бер»: Қызылордада белгісіз ер адам қарт әжені таксиге отырғызып, қарттар үйіне апаруды өтінген
Фото: pixabay.com

Такси жүргізушісінің айтуынша, бұл өтініш өте қысқа қайырылған. Азамат өтінішін айтқан бойда оқиға орнынан одан ары кетіп қалған. Әрі әжені мүлдем танымайтындай кейіп танытқан.

«Кенеттен болған бұл жағдайдан алғашында абдырап, не істерімді білмей қалдым. Кейін сабама түстім», — дейді жүргізуші.

Қазіргі уақытта бұл оқиғаның мән-жайы мен ер адамның қарт әжеге қандай қатысы бар екені әлі белгісіз.  

Аталған видео әлеуметтік желі қолданушыларының арасында үлкен ашу-заң туғызды. Желідегі оқырмандар бұл әрекетті қатал сынға алып, анасын қорлаған баланың болашағы бұлыңғыр болатынын айтып, өз пікірлерін жаудыруда:  

 «Қандай жағдай болмасын, ешқандай ана қарттар үйіне апаруға лайықты емес! Анасын ренжіткен бала екі дүниеде де оңбайды»;  
 «Өмірдің қайтарымы бар, ертең өзің де қартайғанда алдыңнан не шығарын ешкім білмейді»;  
 «Бала берсең, сана бер деген осы. Атаға не истесең, алдыңа сол келеді».