Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Нұртас Адамбай деструктивті ұйымның ықпалында жүр»: Актердің әйелі бар шындықты жайып салды

Белгілі қазақстандық режиссер Нұртас Адамбайдың жұбайы Ғалия Адамбай әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, күйеуінің деструктивті ұйымның ықпалында жүргенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Нұртас Адамбай деструктивті ұйымның ықпалында жүр»: Актердің әйелі бар шындықты жайып салды
Фото: әлеуметтік желіден

Режиссердің жұбайы бұл жағдайға Т.Б есімді азаматтың қатысы бар екенін айтып, оны «сектаның басшысы» деп атады.

«Бас сектанттан ешқандай жауап болған жоқ және болмайды да. Мұның бәрі түсінікті еді. Әлі жауап ойлап таппаған шығар. Мен барлығын ескерттім. Енді ойларыңызды немен толтыратыныңыз – өз жауапкершілігіңізде. Күйеулеріңізді, әйелдеріңізді және балаларыңызды осындай жағдайлардан сақтаңыздар», – деді Ғалия Адамбай. 

Сондай-ақ ол аталған жағдайға байланысты заңгерлер мен салық саласы мамандары көмек көрсетуге ниет білдіргенін жеткізді.

Айта кетейік, Ғалия Адамбай жарияланымында Нұртас Адамбайдың әрекеті мен сөздеріне қатысты жауапкершілік алмайтынын да атап өткен.