Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеп кетті»: Мақпал Жүнісова ерекше кездесуі туралы айтты

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовті еске түсірген ерекше кездесуі туралы айтты. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Аман есімді азаматпен жолыққанын жазды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеп кетті»: Мақпал Жүнісова ерекше кездесуі туралы айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесінің айтуынша, бейтаныс азаматтың сырт келбеті марқұм жұбайының жас кезіндегі бейнесін есіне салған. Бұл кездесу оған өткен күндерді қайта еске түсірген.

«Зәкеңе ұқсайтын Аман бауырыммен кездесіп қалдық. Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеп кетті», – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов – мемлекет және қоғам қайраткері. Ол Алматы қаласының әкімі болған, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік қызметті атқарған. Қайраткер 2005 жылдың қарашасында қайтыс болды.