Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Папаң кетіп қалыпты»: Дана Нұржігіт қызына қаралы хабарды қалай жеткізгенін айтты

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт марқұм бұрынғы күйеуі Владимир Рерихтің қайтыс болғанын қызы қалай қабылдағанын және сол күндері отбасында болған ауыр жағдайды еске алды. Оның айтуынша, қызы әкесінің денсаулығына алаңдап, тіпті оны Қазақстанға әкеліп емдетуді ұсынған, деп хабарлайды paryz.kz.

«Папаң кетіп қалыпты»: Дана Нұржігіт қызына қаралы хабарды қалай жеткізгенін айтты
Фото: видиодан скриншот

Тележүргізуші бұл туралы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты. Дана Нұржігіттің сөзінше, қызы әкесінің жағдайын іштей сезгендей болған. Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын ол анасынан қасына жатып ұйықтауын өтінген.

«Әлем өте ауыр қабылдады. Өйткені арасы жиырма күн. Менің дауысым қатты шығып кеткен болу керек, таңғы жетіде қызы телефон соқты. Әлім даусымды естіді. Айтпақшы, ол таңғы бесте маған: “Мама, менің бөлмемде біреу жүрген сияқты. Біреу төсегіме отырған сияқты, қорқамын”, – деді. Су ішті де, “Балам, жата ғой. Үйде ешкім жоқ”, – деп жатқызып қойдым. Оған дейін бес күн бұрын: “Мама, мен ұйықтай алмай жатырмын, қасыма жатшы”, – деді. Қасына жаттым да, арқасын беріп, мен құшақтап жатыр едім. Бір кезде қорс-қорс етеді. Бетін сипасам, беті малмандай су. “Балам, сен жылап жатырсың ба?” – дедім. “Мама, сен көрдің бе, папам қатты ауырып жүр екен ғой. Мүмкін, Қазақстанға әкелсек, емдеп шығарармыз”, – деді. Сосын мен: “Балам, ол басқа отбасында өмір сүретін адам, біз қалай ұсыныс жасаймыз?” – дедім. Балам бірдеңені сезді. 21 қаңтар күні телефон соққан кезде айқайлаған даусым шығып кетті ме, бөлмеге кіріп келді. “Папаң кетіп қалыпты”, – дедім», – деді Дана Нұржігіт.

Тележүргізуші қызының әкесінің жағдайына алаңдағанын және оның қазасын естірткен сәтті ауыр күйзеліспен еске алды.