Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Жазасы өте ауыр»: Ақын Ербол Бықыбаев қамауға алынды

Әлеуметтік желіде «Шерзат ісіне» қатысты өткір өлеңдерімен танылған жас ақын Ербол Бықыбаев Таразда қамауға алынды. Бұл туралы заңгер Дәулетхан Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Жазасы өте ауыр»: Ақын Ербол Бықыбаев қамауға алынды
Фото: видиодан скриншот

Заңгердің айтуынша, ақын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі, яғни терроризмді насихаттау дерегі бойынша күдікке ілінген.

Дәулетхан Ахметов бұл бап бойынша жаза ауыр екенін атап өтті. Оның сөзінше, аталған қылмыс үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, Ербол Бықыбаев әлеуметтік желіде патриоттық бағыттағы өлеңдерімен танылып, «Шерзат ісіне» қатысты жазған жырларымен көпшілікке кеңінен таныс болған.