Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

АҚШ-та 30 жыл бұрын туған қызын іздеген қазақстандық әйел перзентімен қауышты

Батыс Қазақстан облысының тумасы Наташа Калымбетова АҚШ-та 30 жыл бұрын айырылып қалған қызын тапты. ДНҚ сараптамасы олардың анасы мен қызы екенін растады, деп хабарлайды paryz.kz.

АҚШ-та 30 жыл бұрын туған қызын іздеген қазақстандық әйел перзентімен қауышты
Фото: видиодан скриншот

Алғашқы екі күнде бір-бірімізбен тіл табысу оңай болған жоқ. Себебі менталитетіміз мүлде бөлек. Бірақ үшінші күні ашылып сөйлесе бастадық. Ол мен туралы барлық ақпаратты біледі», – деді Наташа.

Көп ұзамай ДНҚ сараптамасының нәтижесі белгілі болды. Зерттеу анасы мен қызы арасындағы туыстық байланыстың 99,9 пайыз екенін көрсетті. Енді Наташа қызын Таиландта ұлымен таныстыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ болашақта оны Қазақстанға алып келгісі келеді. Әйел осы уақытқа дейін өз тағдырына алаңдап, қолдау білдірген отандастарына алғысын жеткізді.

«Енді біз әрқашан бірге боламыз. Міне, бақыт деген осы», – деді ол.

Ал Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті қылмыстық іс аясында қажетті сараптамалардың барлығы тағайындалғанын хабарлады. Дегенмен тергеу барысы туралы әзірге ақпарат берілмеген.