Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Борат» рөлімен танылған Саша Барон Коэн Қазақстан халқынан кешірім сұрады

«Борат» кейіпкерімен танылған британдық актер Саша Барон Коэн Қазақстан халқынан кешірім сұрады. Ол бұл туралы Happy Sad Confused подкастына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Борат» рөлімен танылған Саша Барон Коэн Қазақстан халқынан кешірім сұрады
Фото: видиодан скриншот

Актердің айтуынша, өзі сомдаған Борат кейіпкерінің Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Сондай-ақ ол Қазақстан халқының шынайы өмірде қалай сөйлейтінінен хабарсыз болғанын айтып, жұртшылықтан кейіпкерге бола ренжімеуді сұрады.

«Мен алғаш рет Қазақстан халқынан кешірім сұрағым келеді. Себебі Бораттың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ», – деді Саша Барон Коэн.

Актердің сөзінше, Борат кейіпкеріне байланысты Қазақстан елшілігі ресми шағым жолдаған. Ол бұл шағымды орынды деп санайтынын жеткізді.