Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Қазақстанға Ресей әскерін кіргізуді сұраған әйел ұсталды

Павлодарда қазақ халқына тіл тигізіп, Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты арандатушылық сипаттағы видео жариялаған әйел ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстанға Ресей әскерін кіргізуді сұраған әйел ұсталды
Фото: видиодан скриншот

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, әйел 28 қазанда прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында ұсталған.

«Биыл 28 қазанда Павлодарда ҰҚК органдары прокуратураның үйлестіруімен сепаратистік сипаттағы видео жариялады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сондай-ақ күдіктінің бұған дейін есірткі заттарын өткізгені үшін сотталғаны анықталды», – деп хабарлады ведомство.