Әзілкеш Уәлибек Әбдірайымовтың блогер Андрейге берген батасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Өнер иесінің «Жаның жәннатта болсын» деген сөзі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.
Желіде тараған видеода Уәлибек Әбдірайымов блогерге бата беріп отырғаны көрінеді.
Алайда оның бұл сөзіне қатысты көпшілік екі түрлі пікір білдірді. Бірі әзілкештің сөзін сәтсіз әзіл деп қабылдаса, енді бірі тірі адамға мұндай бата берудің орынсыз екенін алға тартты.
Желі қолданушыларының бірі «Дұрыстап бермей ме, мазақ қылып тұр ғой» деп жазса, тағы бірі әзілкештің әрекетін сынаған. Ал кейбірі бұл жағдайға күліп, әзіл ретінде қабылдаған.