Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

ТЖМ тұлғалары: «Қазавиақұтқару» АҚ жедел кезекшісі Алма Мұхамедиева

ТЖМ авиациясының әрбір ұшуының артында әуе кемесі экипажының еңбегі мен «Қазавиақұтқару» АҚ бүкіл ұжымының үйлесімді жұмысы тұр. Әуе кемесін ұшуға дайындаудан бастап, қойылған міндетті орындау мен қонуға дейінгі әр кезеңге ондаған маман жұмылдырылады. Олардың әрқайсысы өзіне жүктелген маңызды міндетті атқарады, деп хабарлайды paryz.kz.

ТЖМ тұлғалары: «Қазавиақұтқару» АҚ жедел кезекшісі Алма Мұхамедиева
Фото: ТЖМ

Бұл жүйенің негізгі буындарының бірі - Жедел басқару орталығы.

Оның мамандары тәулік бойы авиациялық операцияларды үйлестіріп, қажетті ақпараттың уақтылы берілуін және мүдделі қызметтермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Осындай жауапты жұмысты «Қазавиақұтқару» АҚ Жедел басқару орталығының жедел кезекшісі Алма Мұхамедиева атқарады. Алма үшін жұмыстың басты нәтижесі - қойылған міндетті сәтті орындау және адамдарды құтқару.

Оның айтуынша, дәл осындай сәттер өз мамандығының маңызын терең сезінуге мүмкіндік береді.

«Ұшқыштарымыз әрдайым аман-есен болып, әуе кемелеріміздің ұшуы мен қонуы сәтті өтсін. Аспанымыз ашық, елімізде бейбітшілік пен тыныштық орнап, халқымыз аман болсын!» - дейді Алма.