Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде күйеуінің сырт келбетін сынап, жағымсыз пікір жазатындарға жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.
Айман Талғатқызының айтуынша, желі қолданушылары әзілкештің сырт келбетіне қатысты орынсыз пікірлер жазып, оны кемсітетін сөздер айтады.
«Осы «жартыбас» деген сөзді жиі жазады адамдар. Сонда қалай? Бір қолы, аяғы, көзі жоқтарды да солай «жарты қол», «жарты аяқ» деп атай аламыз ба? Бұл не деген көргенсіздік? Алла денсаулықпен сынамасын ешкімді. Өзгені кемсітіп, мазақ қылуға ешкімнің құқығы жоқ. Ешкім мүгедек, ауру немесе соқыр боламын деп ойламайды, болғысы да келмейді», – деді ол.