Танымал актер Алмат Сақатов бала күтімімен отырған әйелдерге берілетін жәрдемақы мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қазір осы мәселеге қатысты заң қаралып жатқанын айтып, жәрдемақы мөлшерін отбасының әлеуметтік жағдайына қарай белгілеуге қатысты ойын жеткізді.
Актердің пікірінше, отбасындағы әйелдің немесе оның күйеуінің жұмыс істеп, жағдайын жақсартқаны жәрдемақы алу кезінде кемшілік ретінде қарастырылмауы керек.
«Есі дұрыс заң шығарыңдаршы. Қазір заң қарастырып жатырмыз дейді. Жағдайы бар әйел бала туса, аз ақша алады. Жағдайы төмен әйел бала туса, көп ақша алады дейді. Айналайын, жанталасып күндіз жұмыс істеп, бай болған, жағдайын жасаған әйелдің қандай кінәсі бар? Немесе күйеуі жұмыс істесе, қандай кінәсі бар? Екеуі де 9 ай 9 күн толғақпенен көтеріп жүріп, туады екеуі. Әр баланың өз несібесі бар», – деді Алмат Сақатов.