Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тірі қалған үш сарбаздың бірі, батысқазақстандық Никита Удалов туған жеріне келді, деп хабарлайды paryz.kz.
Сарбазды 5 қазан күні темір жол вокзалынан туыстары мен достары күтіп алды.
Никита Удалов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында осынау қуанышымен бөлісіп, анасымен бірге түскен суретті жариялады.
Әлеуметтік желі қолданушылары Оралға аман оралған сарбазға ізгі тілегін білдіріп жатыр.