Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Осы датаға орай Қазақстанның бірқатар өңірінде зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Көмек көлемі мен оны алушылар санаты өңірге қарай өзгереді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады

Қарағандыда 22 551 қарт тұрғынға біржолғы 5 АЕК мөлшерінде, яғни 21 625 теңге төленеді.

Павлодар облысында төлем мөлшері зейнеткердің жасына және ынтымақты зейнетақы көлеміне байланысты белгіленген. 80 жасқа дейінгі зейнеткерлерге 3 АЕК, яғни 12 975 теңге, ал 80 жастан асқан азаматтарға 4 АЕК, немесе 17 300 теңге беріледі. Бұл ретте ынтымақты зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеден аспауы тиіс.

Төлем ең төменгі немесе одан төмен зейнетақы және (немесе) жәрдемақы алатын зейнет жасындағы азаматтарға автоматты түрде беріледі. Қазіргі уақытта 80 жасқа дейінгі 10 мыңнан астам павлодарлық және 80 жастан асқан 75 тұрғын қаражат алған.

Sinegor.kz мәліметінше, Ақмола облысында 26 582 зейнеткерге 3 АЕК, яғни 12 975 теңгеден төленеді. Бұл көмек ең төменгі және одан төмен зейнетақы алушыларға қарастырылған. Осы мақсатқа аудандық және қалалық бюджеттерден 344,9 млн теңге бағытталады.

Ұлытау облысында жасына байланысты ең төменгі зейнетақы алатын азаматтарға 20 000 теңгеден беріледі. Қаражат 6 199 қарт тұрғынға аударылады.

Түркістан облысында үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын жалғызілікті зейнеткерлерге 5 АЕК, яғни 21 625 теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Биыл бұл төлемді 1 253 адам алады.

Otyrar.kz мәліметінше, Шымкентте 70 жастан асқан шамамен 36 мың зейнеткерге 3 АЕК, яғни 12 975 теңгеден аударылады.

Ал Астанада бұған дейін әкімдік елордалық зейнеткерлерге 2,5 АЕК мөлшерінде, яғни 10 812 теңге көлемінде біржолғы төлем берілетінін хабарлаған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, Қазақстанда зейнетақы төлемдерін 2,4 млн-нан астам адам алады.

Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді «Бала берсең, сана бер»: Қызылордада белгісіз ер адам қарт әжені таксиге отырғызып, қарттар үйіне апаруды өтінген «Бала берсең, сана бер»: Қызылордада белгісіз ер адам қарт әжені таксиге отырғызып, қарттар үйіне апаруды өтінген Алаяқтар Ұлттық Банктің атын жамылып, азаматтардың ақшасын иемденуде Алаяқтар Ұлттық Банктің атын жамылып, азаматтардың ақшасын иемденуде