Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Шексіз сағындым»: Аскар Забикулиннің жары марқұм күйеуін еске алды

Аскар Забикулиннің қазасына төрт жыл толды. Осыған орай оның жары әлеуметтік желіде марқұм күйеуін еске алып, жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Шексіз сағындым»: Аскар Забикулиннің жары марқұм күйеуін еске алды
Фото: әлеуметтік желіден

Еске сала кетейік, 2022 жылғы 16 қарашада Астанадағы Бауыржан Момышұлы даңғылы, 14 мекенжайында орналасқан «Қаһарман» тұрғын үй кешенінің 11-қабатындағы пәтерден өрт шыққан болатын. Құтқару жұмыстарына қатысқан азаматтық қорғау капитаны Аскар Забикулин үш адамның өмірін аман алып қалды.

Алайда оның денесінің 80 пайызын күйік шалып, төрт күннен кейін, 20 қарашада ауруханада көз жұмды. Марқұмның жары әлеуметтік желідегі жазбасында Аскардың қыздары өсіп келе жатқанын және олардың әр жетістігінде әкелерін іздейтінін жазған. 

«Сағыныштың уақыты болмайды екен. Жылдар өтсе де, жүрек үйренбейді екен. Сен менің өткенім ғана емессің. Сен – жүрегімнің мәңгілік бір бөлшегісің. Аңсармын... Сағындым. Шексіз сағындым...» – деп жазды ол.