Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертіне байланысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: әлеуметтік желіден

Полицияның мәліметінше, концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ведомство өкілдері көрермендердің шамадан тыс көп болуына байланысты оқиға кезінде бір адамның зардап шеккенін хабарлады. Қазіргі уақытта бойжеткен медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында.

Сондай-ақ концертті ұйымдастырушылар полиция бөлімшесіне жеткізілген. Қазір тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция ұйымдастырушылардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.