Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Декреттік төлемдер әйелдер мен ерлерге де төлене ме: Еңбек министрлігінің жауабы

ОКҚ-да өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев декреттік төлемдер туралы айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

Декреттік төлемдер әйелдер мен ерлерге де төлене ме: Еңбек министрлігінің жауабы
Фото: istockphoto

Асқарбек Ертаев түсіндіріп өткендей, заң бойынша декреттік төлемдер тек аналарға төленеді.

"Жәрдемақының атауы да, тағайындалу мақсаты да өзгереді. Енді ол "анаға төленетін жәрдемақы" деп аталады. Яғни, бұл – ана мен балаға арналған төлем. Ер адам декреттік демалысқа шығып, бала күтімімен айналыса алады, алайда оған бұл жәрдемақы төленбейді", - деді министр.