Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Сәкен Майғазиев анасы туралы естелігін айтып, көзіне жас алды

Танымал әнші Алтынай Жорабаева Сәкен Майғазиевтің анасына арналған қонақ асынан видео жариялады. Кадрларда өнер иесі анасы туралы естеліктерімен бөлісіп, көзіне жас алған, деп хабарлайды paryz.kz.

Сәкен Майғазиев анасы туралы естелігін айтып, көзіне жас алды
Фото: әлеуметтік желіден

Видеода Сәкен Майғазиев анасының дінге деген құрметі мен бес парызды орындауға ерекше мән бергенін айтты.

«Анамыз денсаулығы сыр беріп, сәждеге бара алмай қалғанға дейін намаз оқыды. Алланың бұйырған бес парызын бұлжытпай орындады десем, артық айтпаймын. Алла білуші. Қажылыққа 2014 жылы Нұрлан ағаммен бірге барып келді. Мен бақытты ұрпақтардың бірімін», – деді әнші.

Өнер иесінің бұл естелігі анасына деген сағынышы мен құрметін аңғартты.