Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Ұлымнан айырылып қаламын деп қорықтым»: Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әке оқиғаны түсіндірді

Ақтауда облыстық балалар ауруханасының дәрігеріне шабуыл жасаған кішкентай пациенттің әкесі өз әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Ұлымнан айырылып қаламын деп қорықтым»: Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әке оқиғаны түсіндірді
Фото: видиодан скриншот

Eр адамның айтуынша, 19 қазанда ұлының жағдайы нашарлаған: баланың іші қатты ауырып, қызуы 39 градусқа дейін көтерілген. Жедел жәрдем баланы соқырішек деген күдікпен ауруханаға жеткізген.

"Қабылдау бөлімінде ұлымды қарап, тексеруі үшін көп жүгіруге тура келді. Бірінші талдау нәтижесі лейкоциттер деңгейінің жоғары екенін көрсетті – шамамен 21,5-22. Соған қарамастан, кешке бізге үйге қайтуды ұсынды. Мен бұған келіспей, сағат 23:00 шамасында қайта талдау жасауды талап еттім. Ол да лейкоцит деңгейінің жоғары екенін көрсетті – шамамен 21. Осыдан кейін баланы ауруханада бақылауға қалдырды. Таңертең ұлымды басқа хирург қарап, бірден отаға жіберді. Ота сәтті өтті", - деді баланың әкесі. 

Сенбі, 31 қазанда ұлының іші қайтадан ауырып, әкесі баланы облыстық балалар ауруханасына алып келген. Сол жерде ол бұған дейін араларында жанжал болған дәрігер-хирургпен қайта жолыққан.

Ер адамның айтуынша, дәрігер оған мысқылдай қарап, баланы қараудан бас тартуы мүмкін екенін аңғартқандай болған. Ол өзін ұстауға тырысқанымен, ақырында екеуінің арасында жанжал шыққан.

A кетейік, бұған дейін Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде ер адам дәрігерге тап беріп, оның жағасынан алғаны туралы жазған едік.