Прямая трансляция

Астана

Астана

19.32°C

Жол ережесін жиі бұзатындардың да айыппұлы еселеп артпақ

Үкімет отырысында жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге қатысты балдық жүйе енгізу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жол ережесін жиі бұзатындардың да айыппұлы еселеп артпақ
Фото: видеодан скриншот

Премьер-министр Олжас Бектенов жол ережесін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерге тек айыппұл салумен шектелмей, жауапкершілікті күшейту қажеттігін айтты.

Ұсынылып отырған жүйе бойынша жол ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге балл есептеледі. Белгілі бір шекке жеткен жағдайда көлік басқару құқығынан айыру мәселесі қарастырылуы мүмкін.

Яғни ережені қайта-қайта бұзатын жүргізушілер үшін жауапкершілікті күшейту көзделіп отыр.