Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

«Сақал жарасып-ақ тұр»: Шавкат Рахмоновтың жаңа имиджі қызу талқыға түсті

UFC-дің жеңіліс көрмеген қазақстандық салмақты файтері Шавкат Рахмонов Instagram-дағы ресми парақшасында суретін бөлісіп, оқырмандарын жаңа имиджімен таңғалдырды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Сақал жарасып-ақ тұр»: Шавкат Рахмоновтың жаңа имиджі қызу талқыға түсті
Коллаж: paryz.kz

Спортшы әлеуметтік желіге классикалық костюм-галстук киіп, сақал өсірген суретін жариялады. Фотоның астына ол «Қарастырып жатырсыңдар ма!» деген қысқа әрі жұмбақ жазба қалдырған.  

Шавкаттың бұл өзгерісі желі қолданушылары мен жанкүйерлері арасында қызу талқыға түсті. Жазба астына пікір қалдырғандардың көбі спортшының жаңа стилін, әсіресе өсірген сақалын өте жарасымды деп бағалауда.  

«Бұрындары Шавкат ағамызда сақал жоқ кезде, мен сақал қойып, постқа сақалыммен қоятынмын. Міне, енді өзі де сақалын өсіріпті, жарасып тұр»;  
 «Сақал әдемі, ағасы, жарасады сізге»;  
 «Осылай барыңызшы сақалмен келесі жекпе-жекке, буйырса» — деп жазды оқырмандар.  

Аз уақыт ішінде аталған публикация 150 мыңнан астам «лайк» жинап, 1,6 мыңнан астам пікір жазылған. Жанкүйерлер октагонның серкесін тек шаршы алаңда емес, ресми әрі жинақы образда да ерекше құрметпен қарсы алды.