Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Бүгін Заманбек Нұрқаділовтің өмірден өткен күні

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өмірден өткеніне 21 жыл толды. Белгілі саясаткер 2005 жылғы 12 қарашада, сенбі күні кешке қайтыс болған.

Бүгін Заманбек Нұрқаділовтің өмірден өткен күні
Фото: әлеуметтік желіден

Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов 1944 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Ол Қазақ КСР-і мен Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер.

Заманбек өзінің бала кезін «кедей және жартылай аш» деп айтатын болған. Әкесі майданда қайтыс болған Заманбекті анасы тәрбиеледі.

Заманбек Ұлы жүз, руы Албан болған. Ол Қазақ Политехникалық институтты, инженер-құрылысшы мамандағын бітірген. Заманбек Нұрқаділов 1994 жылдың маусымының соңына дейін сол кездегі Қазақстанның бас қаласы Алматы қаласының 1-ші әкімі ретінде қызмет етті. 

1995 - 1997 - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Кейіннен Алматы облысының әкімі болып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы ретінде қызмет атқарды.Өмірінің соңғы жылдары оппозицияның іс-әрекетіне араласты.

2005 жылдың 12 қарашасында Заманбек Нұрқаділов өз үйінде өлі табылды. Оның денесіне үш бірдей оқ тигені анықталды. Екі оқ кеудесіне, біреуі басына тиген. Болған оқиғаның ресми нұсқасы бойынша өз-өзіне қол жұмсаған деп танылды. Көп қазақстандық үшін саясаткердің өлімі жұмбақ күйінде қалды. З. Нұрқаділов Алматыдағы "Кеңсай" зиратына жерленген.