Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Осындай ұстаздан дәріс тыңдау – бақыт»: Асхат Аймағамбетов студенттеріне пицца әкеліп, жұртты тәнті етті

Құрылтай депутаты әрі Қазақ гуманитарлық заң университетінің ұстазы Асхат Аймағамбетов дәріс кезінде студенттеріне пицца әкеліп, желі қолданушыларының ықыласына бөленді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Осындай ұстаздан дәріс тыңдау – бақыт»: Асхат Аймағамбетов студенттеріне пицца әкеліп, жұртты тәнті етті
Фото: видиодан скриншот

Оның студенттермен бірге түскен видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда дәріс үстінде студенттерге пицца ұсынылғанын көруге болады.

Студенттердің бірі ұстазының бұл әрекеті сабақтың есте қаларлықтай өтуіне ықпал еткенін әзілмен жеткізген. 

«Ағай тақырып мәңгі есімізде қалсын деп, мысалдағы пиццаны 4D етіп көрсетті», – деп жазды студент.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары Асхат Аймағамбетовтің студенттерге деген ықыласына тәнті болған. Кейбірі осындай ұстаздан білім алу үлкен бақыт екенін айтса, енді бірі студенттік шағын сағынғанын жазған.

«Осы ұстаздан білім алып отырған сендер қандай бақыттысыңдар», «Недеген бақытты студентсіңдер. Осындай кісіден дәріс тыңдау деген... Шіркін, студенттік шағым қайта келсе ғой», – деп пікір білдірген желі қолданушылары.