Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Қайрат Нұртас блогер Елдос «Колобоктың» ұлының тұсауын кесті

Блогер Елдос Колобоктың ұлының тұсауын танымал әнші Қайрат Нұртас кесті. Ерекше сәт әлеуметтік желіде жарияланып, желі қолданушылары көпбалалы әке болуды тілеп, бүлдіршінге ақ батасын жаудырды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қайрат Нұртас блогер Елдос «Колобоктың» ұлының тұсауын кесті
Фото: видиодан скриншот

Елдос Колобок ұлының тұсаукесер рәсімінен видео жариялады. Кадрлардан бүлдіршіннің тұсауын әнші Қайрат Нұртас кескенін көруге болады.

Желі қолданушылары әншінің бұл рәсімге арнайы қатысқанын құптап, балаға ізгі тілектерін білдірген. 

«Қайраттай көпбалалы әке болсын, Әлемтай болашақта», «Тұсау кесу рәсіміне дұрыс таңдау жасалған. Қайраттай болсын, жүрегі кең, мейірбан, ата-анасының үмітін ақтаған, балаларына қамқор, халқына адал ұл бола білсін», – деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, бұған дейін Елдос Колобок ұлының алғашқы туған күнін атап өтіп, әлеуметтік желіде жүрекжарды жазбасын жариялаған еді. Блогер баласының өмірлеріне үлкен өзгеріс әкелгенін айтып, оны шексіз жақсы көретінін жеткізген.