Прямая трансляция

Астана

Астана

19.59°C

«Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді

Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау елдегі кемшілікті сырттан сынай бергеннен гөрі, әр адам қоғамға қандай пайда келтіре алатынын ойлағаны дұрыс деп есептейді, деп жазады Paryz.kz.

«Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді
Фото: Сырымбек Тау, Инстаграм

Оның айтуынша, Қазақстанның жақсы жағын көре білу және елдің дамуына қолдан келгенше үлес қосу маңызды.

«Сыртта жүріп те, елдің ішінде жүріп те өз еліңді жамандау дұрыс емес. Жақсы болса да, жаман болса да, Қазақстан – сенің елің. Сондықтан жамандағанша, өзің сол жерін түзетуге тырыс. Шетелде жүріп елімізді сынайтын өз азаматтарымыз да, басқа елдің азаматтығын алып кеткендер де бар. Елдің ішінде жүріп сынайтындар да кездеседі. Бірақ бұл ел бәрімізге ортақ. Сондықтан оны жақсарту үшін ең алдымен жақсы жағын көре білуіміз керек», – дейді кәсіпкер.